Жаңалықтар

Жастарға отбасылық курс оқыту керек - Ержан Мырзабаев

Жастарға отбасылық курс оқыту керек - Ержан Мырзабаев
Фото: © Pixabay.com 15.02.2024 12:22 956

Отбасы академиясының негізін қалаушы Ержан Мырзабаев жастарға отбасы құрмас бұрын отбасылық курс оқытуды ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агентігі.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында отбасылық психолог Ержан Мырзабаев отбасы институтының мәселесін көтеріп, өз ұсынысын айтты.

Жастар және отбасы комитеті Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарайды. «Отбасы – кішігірім мемлекет» және «Мемлекет - үлкен отбасы» деген сөз бар. Оның ішіндегі проблемалар да бір-бірімен өте тығыз байланысты. Соңғы кездері отбасындағы ажырасу деректерінің көбейіп кеткені сонша, тіпті құлағымыз үйреніп қалды. Тағы бір проблема - үйленудің де жылдан-жылға азайып бара жатқаны. Жастар арасында отбасы құндылықтарын дәріптеу жұмысын қолға алсақ. ЖОО-лар мен мекемелерде де осы істі қолға алған жөн, - деді ол.

Ержан Мырзабаевтың сөзінше, медиа мен кино саласы осы бағытта жеткілікті деңгейде жұмыс істемей жатыр.

Онда көбінесе отбасылық өмірдің қиындығы, келіндерді кемсітуі, үйлі болу үшін ажырасу керегі, қайтадан ажырасып, жалғызбасты ана болу отбасы болуда материалдық тұрғыда әлқайда пайдалы екенін көрсетіп жатыр. Оның салдары жастардың жылдан-жылға отбасы құруға асықпауына әкеп соғуда. Соңғы ұсынысым отбасы құрмас бұрын кандидаттарды отбасы курстары арқылы оқыту, отбасылық өмірге жан-жақты дайындау керек, - дейді Мырзабаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға