Жаңалықтар

Жастарға берілетін жеңілдетілген шағын несиенің ережелері бекітілді

Несиенің максималды сомасы 5 миллион теңгегені құрайды
Жастарға берілетін жеңілдетілген шағын несиенің ережелері бекітілді
Фото: 24.kz 06.01.2023 20:07 2105

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасы аясында жастарға жеңілдетілген шағын несие беру қағидаларын бекітті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Кәсіпкерлік қызметті бастауға ниет білдірген немесе кәсіпкерлікпен айналысатын 21-35 жас аралығындағы жастарға шағын несиелер конкурстық негізде беріледі.

Несие «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы жүзеге асады. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5%-дан аспайды. Несиенің максималды сомасы 5 миллион теңгегені құрайды, сондай-ақ кепілзаттың болуы міндеттеледі.

Шағын несиелерді кез келген мақсат үшін 5 жылға, ал мал шаруашылығына 7 жылға дейінгі мерзімге алуға болады.

Сондай-ақ негізгі берешек пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік кезеңі көзделген, ол шағын несиелеу мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға