Жаңалықтар

Жастарға 2,5 пайыздық микронесие беріледі

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі айтты
Жастарға 2,5 пайыздық микронесие беріледі
Фото: gov.kz 25.11.2022 16:17 4923

2023 жылдан бастап кәсіп бастау үшін жеңілдетілген 2,5 пайыздық 5,8 мың жасқа микронесие беріледі. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында айтты, деп хабарлайды El.kz.

«Мемлекет жастардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мәселелеріне ерекше назар аударады. Жыл сайын «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Жеңілдікпен кредиттеу» және «Дипломмен ауылға» бағдарламалары сияқты жобаларды іске асыру шеңберінде республика бойынша 100 мыңға жуық жасты нәтижелі жұмыспен қамту жоспарлануда», – деді Олжас Ордабаев.

Биыл қысқа мерзімді оқыту жобалары аясында 35,2 мың адам қосымша білім алып, жұмысқа орналасты.

«Бизнестің ұлттық жобалары мен жеке бастамалары шеңберінде құрылатын барлық жұмыс орындары Электрондық еңбек биржасында орналастырылады. Бұл платформа жұмыс іздеудің де, жұмысшыларды іздеудің де бірыңғай алаңына айналды. Қазір ЭЕБ-ға жұмыс берушілерден 106,7 мыңнан астам бос жұмыс орны және ізденушілерден 134,8 мыңнан астам түйіндеме ұсынылды. Жыл басынан бері Электрондық еңбек биржасы арқылы 445,1 мың адам жұмыс тапты», – деді Олжас Ордабаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға