Жаңалықтар

Жастардың неше пайызы отбасын басты құндылық деп санайтыны белгілі болды

Жастардың неше пайызы отбасын басты құндылық деп санайтыны белгілі болды
Фото: © Pixabay.com 13.08.2024 22:02 566

Мәдениет және ақпарат министрлігі ұсынған мәліметке сүйенсек, зерттеу нәтижелері бойынша қазақстандық жастардың 80% отбасын басты құндылық деп санайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

"Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы министрлікке "Қазақстан жастары" әлеуметтік зерттеуінің нәтижелерін таныстырды. Кездесуге "AMANAT" партиясы мен Астана әкімдігінің өкілдері де қатысты.

Сарапшылар жастар ортасындағы басты құндылықтар мен мүдделерді атап өтті. Зерттеуге 14 пен 34 жас аралығындағы 2000 респондент қатысқан.

Сауалнама нәтижелері бойынша көпшілігі (80,1%) отбасын негізгі өмірлік құндылық деп санайды. Осындай нәтижелердің қорытындысы төрт жыл қатарынан көрінуде. 

Зерттеуге қатысқан жастардың 72,9% үйде күнделікті өмірде қазақ тілінде жиі сөйлейтінін көрсеткен.

Қатысушылар сондай-ақ жас ұрпақтың өмір сүру сапасы мен болашағын жақсартуға бағытталған тәжірибелерімен және әзірлемелерімен бөлісті. Мұндай зерттеулер жастар саясатының тиімді стратегиясын құру үшін қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға