Жаңалықтар

Жастар зорлық-зомбылыққа қарсы: «Жастар рухы» сауалнама өткізді

Жастар зорлық-зомбылыққа қарсы: «Жастар рухы» сауалнама өткізді
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 30.11.2023 15:58 1732

«Жастар рухы» жастар қанатының өкілдері сауда нүктелерінде және басқа да қоғамдық орындарда азаматтардың отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты сауалнама жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жастар қанатының аймақтық филиал төрағасы Біржан Құдайбергеновтың сөзінше, тұрмыстық зорлық-зомбылық жайында көзқарастарын ашық жеткізетін азаматтар қатары көбейіп жатыр.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық жайында көзқарастарын ашық жеткізетін азаматтар қатары көбейіп жатыр. Олардың ішінде колледж бен университеттер қатарында білім алып жатқан студент жастар да бар. Сауалнама алу барысында олардың зорлық-зомбылыққа қарсылық танытып, қоғам болып бірлесе алдын алуға үндегендеріне риза болдым. Қазақта «Ауруын жасырған – өледі» деген сөз бар. Расында, жақындарымыз бен таныстарымыздың арасында, жалпы қоғамда орын алып жатқан зорлық-зомбылаққа көз жұмып қарамай, мүмкіндігінше ашық айтуға бейімделуіміз керек. Солай ғана қоғамда тәртіп орнатып, нәзік жандыларды келеңсіз жағдайлардан сақтаймыз деп ойлаймын, - деді Біржан Құдайбергенов.

Статистикаға сәйкес, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің көпшілігі – әйелдер. ҚР-дағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева атап өткендей, елімізде күн сайын балаларға қатысты 6 қылмыс жасалады, 342 адам тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шегеді. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік мәселесі де өткір болып тұр. Уақытылы көрсетілген көмек қайғылы жағдайдың шамамен 70%-ға алдын алады.

Ал бастысқазақстандық Ербол Октябрьұлы зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тәрбиеден басталатынын айтты.

Отбасымызда ұл-қыз тәрбиелеп отырғандықтан, оларға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, үлкендік ақыл-кеңесімізді айтып отырамыз. Дастархан басында берілетін өнегенің орны ерекше. Қоғам мен мемлекетті өркендетеміз десек, өзімізден бастау керек. Қазақта «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген өте орынды сөз бар. Оны жадымыздан шығармайық. Ал әйел азаматтарға көрсетілетін қиянатқа келсек, оған түбегейлі қарсымын. Заң бұзғандарды жазалайтын полиция бар, арнайы өкілетті органдар бар, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға