Жаңалықтар

Жастар ұйымдарымен ынтымақтастықты нығайту бойынша жол картасы бекітілді

Жастар ұйымдарымен ынтымақтастықты нығайту бойынша жол картасы бекітілді
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 28.09.2024 03:31 469

Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024-2026 жылдарға арналған республикалық жастар ұйымдарымен ынтымақтастықты нығайту бойынша жол картасы бекітілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құжаттың негізгі мақсаты – жастарды елдің әлеуметтік, экономикалық және мәдени процестеріне толыққанды араласуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар мен жастар бірлестіктерінің өзара байланысын жүйелеу және нығайту.

Министрлік мәліметінше, жол картасы бойынша жұмыс үш негізгі бағыт бойынша жоспарланған. Атап айтсақ, ақпараттық-әдістемелік және институционалдық сүйемелдеу, жастар бастамаларындағы ұйымдастырушылық және қаржылық қолдауды күшейту.

Мемлекеттік органдардың жастар ұйымдарымен осындай бірлестігінің нәтижесінде жастар активінің кәсіби құзыреттілігі мен тиімділігінің деңгейі жақсарып, сондай-ақ жобалардың саны мен сапасы артылады деп күтілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға