Жаңалықтар

Тараздық жастар «Менің Әнұраным» акциясы аясында мемлекеттік әнұранды шырқады

Аталған акция 25 қазан – Республика күніне орай ұйымдастырылған
Тараздық жастар «Менің Әнұраным» акциясы аясында мемлекеттік әнұранды шырқады
Фото: Дмитрий Полулях 17.10.2022 18:17 3734

 

Тараз қаласында республикалық «Менің Әнұраным» акциясы аясында Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттері еліміздің мемлекеттік әнұранын шырқады. Осылайша олар жаңа оқу аптасын қолын жүрек тұсына қойып, патриоттық рухта Қазақстан Республикасының әнұранын орындаумен бастады, деп хабарлайды El.kz.

Аталған акция 25 қазан – Республика күніне орай ұйымдастырылған. Қайта жаңғырып, мемлекеттік мерекелер тізіміне қосылған атаулы күн қарсаңында Дулати университетінде білім алушылар бірқатар мәні жоғары іс-шаралар өткізуді жоспарлаған. «Менің Әнұраным» акциясында жастардың саны көп болды.

«13 жыл аталмай кеткен Республика күні ұлттық мереке ретінде қайтып оралды. Осыған орай университетімізде Әнұранды бірге орындау патриоттық акциясын өткіздік. Бір күн бұрын ерікті жастарды акцияны қолдауға шақыру бойынша хабарландыру таратқан болатынбыз, бүгін, міне, ел патриоттары жиналды. Гимн шырқалғанда, олардың үнінен қуатты рухты сезіндік, тәуелсіз мемлекетімізге деген мақтанышты байқадық. Әнұранымыз әр жүректе жатталып, бейбіт еліміздің, өркениетті мемлекетіміздің белгісі болсын!», - дейді Дулати университеті Ақпарат және медиакоммуникация орталығының директоры Бағлан Батырбек.

Студенттер патриоттық акцияны өткізу барысында креативтілік таныта білді. Бірі – қолына ту ұстаса, енді бірі көк байрақты қос бетіне сурет етіп салып алды.

 

 

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға