Жаңалықтар

Жастар энергетикалық сусындарға неге құмар?

Жастар энергетикалық сусындарға неге құмар?
Фото: ©iStock.com/HandmadePictures 10.10.2023 09:51 2702

Кейінгі жылдары еліміздегі жасөспірімдер арасында энергетикалық сусынға деген тәуелділік белең алып барады. 

Денсаулық сақтау министрінің мәліметінше, 11-15 жастағы жасөспірімдердің энергетикалық, тәтті сусындарды ішуі 17,5%-ды құрайды. Осыған орай министрлік енді 21 жасқа толмаған қазақстандықтарға энергетикалық сусындарды сатпауын қадағаламақ.

Қазір денсаулық сақтау саласына қатысты заң жобасы Мәжілісте қаралып жатыр. Соның негізінде, бірқатар жаңашылдықтар енгізілуі ықтимал. Ал министр Ажар Ғинияттың айтуынша, жаңа тәртіп балалар мен жасөпірімдердің денсаулығын қорғауға бағытталып отыр. Өйткені, соңғы деректерге сәйкес елдегі жеткіншектердің 17,5 пайызы дәл осы энергетиктер мен тәтті сусындарға әуес екені анықталды.

Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов: «Студенттеріміз пепси, кола, чипсы, гамбургер сияқты өнімдерін тұтынуға әуес. Осы тез пісетін өнімдерде көмірсутегі, трансмайлық қышқыл, газ өте көп. Бұл адам ағзасындағы пайдалы заттарды шығарып тастайды. Зияны шаш-етектен. Қарынның бос кеңістігін толтырғаннан өзге пайдасы бар деп айта алмаймын. Құрамы толып тұрған көмірсу ғой, қайдан пайдасы болсын? Олар семіздікке әкеледі, өзге де түрлі сырқаттарға душар етеді», – дейді академик.

Ал жастар болса, тәттілігіне қызығып, дәміне сүйсініп ішіп жатыр. Ішіп денсаулықтарын құртып жатыр. Бұл сусындар тік ішектегі, жатырдағы қатерлі ісікті тудырады деп отыр.

Ми жүйесінің қабылдағыштық қасиетін төмендетеді. Кальцийдің ағзаға сіңуіне кедергі келтіріп, сүйектердің бітуіне, жетілуіне кері әсер етеді. Кальций жетіспегендіктен остеопотроз сырқаты бел алып, сүйек сынғыш келеді. Балалар көп нәрсеге байыптап қарамайтыны белгілі. Сондықтан бірінші кезекте, үлкендер оларға ұғындырып, зардаптарын түсіндіргені абзал, – дейді қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов.

Қант диабетіне алып келеді

Медицина ғылымдарының кандидаты Ардақ Чуенбекованың айтуынша, энергетикалық сусындардың құрамы кофеиннен және психикалық ынталандыратын заттардан тұрады. Міндетті түрде қосылатын зат бұл қант болып табылады. Кейбір өндірушілер құрамына «в» тобының дәрумендерін қосып жатады.

Жастар энергетикалық сусындарға неге құмар?
© iStock.com / VTT Studio

Энергетикалық сусындар негізінен ынталандырушы сусындардың қатарына жатады. Денсаулыққа қандай зиян келтіруі мүмкін деген сауал туындайтын болса, бұл қан қысымның жоғарлауына, жүрек қан тамырлар жүйесіндегі өзгерістермен сипатталады. Құрамында қанттың мөлшері ұзақ уақыт болатын болса, екінші тиіпті қант диабетіне алып келуі әбден мүмкін. Қауып-қатері бар деп көрсетіледі. Бірінші кезекте бұл сусындарды тұтынуға жас шамасына және денсаулық көрсеткіштеріне байланысты шектеулер қойылған. Соның ішінде бізде 18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға рұқсат етілмеген. Өкінішке қарай дүкен сөрелерінде еркін сатылады. 18 емес оданда жас балалардың тұтыну көрсеткіштері де жоғарлап келе жатқандығына алаңдап отырмыз, – дейді маман.

Маманның айтуынша 2022 жылғы жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде Қазақстанда тікелей 11 мен 15 жас аралығындағы 42,6 оқушы энергетик сусындарды күнделікті 3 пайыз қолданады. Ал аптасына бірнеше рет қолданатын тұтынушылардың көрсеткіші 17,5 пайызды көрсеткенін атап өтті. 

Сол себепті бұл мәселе тікелей өскелең ұрпақтың арасында дабыл қағатын мәселе. Өйткені бұл сусындарды көп мөлшерде тұтынған жағдайда осындай жүрек қан тамырлар жүйесі және неврологиялық сипаттағы аурулардың туындау қауіпі жоғарлай түседі, – дейді медицина ғылымдарының кандидаты Ардақ Чуенбекова.

Сондай-ақ, сусын құрамында тікелей психикалық ынталандырушы заттардың болуына байланысты адамдарда сергектік сезім пайда болады. Дегенмен де сіздерге бұл сергектікті бермейді деген пікірде.

Ол организмнің өзінің резервтерін қолданады. Соңына келген уақытта организм өзінің барлық резервін қолдану арқылы организмдегі осындай түрлі жағдайлармен сипатталады. Бұл жоғарыда атап өткендей, қанмен байланысты өзгерістер. Мұндай өнімдерді тікелей 18 жастағы балаларға және жүкті әйелдерге, бала емізетін аналарға, сонымен бірге жүрек қан тамырлары жүйесіндегі ақаулары бар адамдарға қолдануға рұқсат етілмейді. Осы жағын аса ескеру қажет. Өкінішке қарай бізде күнделікті өзінің тұтыну құты бір ғана болса, кейбір жастағы адамдар тұтыну мөлшерінен асырып жібереді. Салдарынан жүйке-жүйесінің және психикалық және ұйқысыздық ауруының туындауына алып келеді, – дейді маман Ардақ Чуенбекова. 

Ал нутрициолог Тоғжан Мәдәлі барлық энергетиктердің құрамы қант пен кофеиннен тұратынын және кофеиннің қызметі бірдей екенін тілге тиек етті.

Неге адамдар горилла, редбулдарға тәуелді болып кетті. Себебі құрамында кофеин болады. Ішкен уақытта бірден 10 минуттық ләззат береді. Тұтынған адамға энергия бергендей болады. Бірақ 10-15 минуттан кейін оның күші жойылады. Былайша айтқанда «ағзадағы бақыт гармонын» көтереді. Ол кеткеннен кейін адам қайтадан әлсіреп, ұйқысы келіп, шаршап, энергиясы жоғалады. Миға да әсер етеді. Кейбір адамдар тіпті ашулана бастайды. Өйткені бұл бүйрексүті безінің қабынуына алып келеді, – дейді нутрициолог Тоғжан Мәдәлі.

Сондай-ақ, ол бұл сусынды ішкен кезде шынымен де адам өзін сергек сезіне алатын айтты. Бірақ бұл өте зиян екенін және зәр шығару эффектісі жоғары болғаннан кейін ағзадағы кальциді тез шығарады. Бұл өз кезегінде көп адамда кальцидің жетіспеуіне алып келеді деп отыр.

Бірден екі-үшеуін ішкен кезде жүрек қағысына өте қатты әсерін береді. Жүрегі ауыратын адамдарға аса қауіпті. Жүрегі тоқтап қалуы да мүмкін. Энергетиктердің құрамы қант пен кофеиннен тұратындықтан, қант адамды ақырын өлтіретін «уғой». Не нәрсе жесекте бізде глюкоза мөлшері көтеріледі. Енді ойлаңыз, энергетиктерді қайта-қайта бірінен соң бірін ішсең, бізде инсулин гармоны бөліне бастайды. Ағза оны бөліп-бөліп шаршайды. Энергетиктерді көп тұтынудың өзі қант диабетіне алып келеді, – дейді ол.

Бұл сусындарды ішкен адамда мынадай белгілер пайда болатынын тілге тиек етті. Адамның ашулана беруі, қобалжуы, стресске түсуі, ұйқының келмеуі, асқазан ішек жолдарының бұзылуы, асқазан жарасы сияқты белгілермен қатар адам өзі көп жағдайда не істеп, не қойғанын білмей қалады. Соңында өлімге алып келеді. Сол себепті энергетикалық сусыннан мәңгілікке бас  тартуға кеңес беремін деп отыр.

Денсаулыққа кері әсер еткесін тұтынуды қойып кеттім

Еліктіргіш сусынды тек жастар ғана емес, үлкендерде тұтынады. Әсіресе, үнемі жол үстінде жүретін көлік жүргізушілеріне таптырмас сусын екен.

Көлік тізгіндеп, жол үстінде жүретін ақсулық тұрғын Мұхит Орден энергетикалық сусынды ішкеніне біраз уақыт болғанын айтады.

Жастар энергетикалық сусындарға неге құмар?
© iStock.com / Heidloss Tilo Geringswald Felix

Энергетикалық сусындарды жиі қолданамын деп айта алмаймын. Үнемі алыс жол жүретін жүргізуші жолда шаршап, қалғып кетуі әбден мүмкін. Сол кезде осы сусынды ішетін кездерім болады. Діттеген жерге жеткенше аз-аздан тұтынамын. Сол кезде жүрек тез соғып отырады. Ұйқы да келмейді. Бірақ бұл жүрекке қатты әсер ететіндіктен ішуге кеңес бермеймін, – дейді Ақсу қаласының тұрғыны Мұхит.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға