Жаңалықтар

Жастар болашақтың ісін талқылады

Жастар болашақтың ісін талқылады
22.11.2019 18:09 2421

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының халықаралық форумы өтті.

Жастар форумы Достық үйінен Еуразия ұлттық университетіне дейін жол тартқан жастар автошеруімен басталды. Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі туралы «Бейбітшілік пен келісім жолымен» атты фотокөрме ұйымдастырылды.

Жастар болашақтың ісін талқылады

Форумның ұйымдастырылуы Тұңғыш Президент күні мен Жастар жылының аяқталуына орайластырылған болатын. Оның жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Ж.Түймебаев, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, қалалық құрылымдардың, қоғамдық ұйымдардың басшылары, Ресей, Қырғызстан, Башқұртстаннан келген жастар көшбасшылары, елордалық этномәдени бірлестіктердің жастар қанаты қатысты.

Жастар болашақтың ісін талқылады

Форумның пленарлық отырысын Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен жүргізді.

Форумда сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар қанатының мүшесі, «Тіл – достықтың алтын көпірі» байқауының жеңімпазы Юлия Лагуткина мемлекеттік тілде жастар арасында үндеу жариялады.

Жастар болашақтың ісін талқылады

Пленарлық отырыста сөз алған Ресей халықтары жастар ассамблеясының Омбы өңірлік бөлімшесінің төрағасы Ермек Хапизов екі елдің шекаралас аймақтары арасында жастардың атсалысуымен қолға алынған бірлескен жобалар туралы баяндады. Пленарлық отырыста ISIT интернет-технологиялар инновациялық мектебінің директоры Әмір Сүлейменов, Қырғызстан жастар қозғалысының көшбасшысы Каниет Арыкова, «Отандастар» қоры «Qazaq Eli» жас отандастар клубының төрағасы Нұрымжан Жұмағазиев сөз сөйлеп, еңбек нарығы, жастардың білім алуы, қоғамдағы жастардың рөлі тақырыбында өз ойларымен бөлісті.

Жастар болашақтың ісін талқылады

Пленарлық отырыстан кейін жастарға көңіл сергітер концерттік бағдарлама ұсынылды. Ал түскі үзілістен соң жастар болашақ тақырыбын секциялық отырыстарға бөлініп талқылады. Олар «Бизнес & Jastar», «Жастар – елге, ел – жастарға», «Jastar Мәдениет және спорт» секциялық отырыстарына қатысты. Мұнда Қазақстан аумағында ғана емес, шетелдерге танымал жас бизнесмендер, жастар көшбасшылары, мәдениет және спорт қайраткерлері спикер ретінде дәріс оқыды, табыс тарихтарымен бөлісті. Олардың арасында Башқұртстан жастар қауымдастығының төрағасы Байрас Азамат, «Be Strong Promotion» компаниясының президенті Анатолий Ким және басқалары болды.

Жастар болашақтың ісін талқылады

Форумның белсенді қатысушылары Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтың Алғыс хатымен марапатталды.

Бөлісу:

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады.

Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға