Спортты дамыту дирекциясы

Жастар арасындағы Азия чемпионатында барлық боксшы қызымыз финалға өтті

20.05.2025 19:30

Шри-Ланканың Коломбо қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында жартылай финалдық кезең өз мәресіне жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттегігі. 

Дүбірлі додада Қазақстан атынан сынға түскен 12 қыздың барлығы да финалға жолдама алды. Олар:

Айым Танкибаева (48 кг);
Сила Биболсынқызы (50 кг);
Рахмина Абдумежитова (52 кг);
Жанель Имантаева (54 кг);
Ақнұр Тұрсынғали (57 кг);
Толғанай Қасымхан (60 кг);
Алина Құдайгенова (63 кг);
Ақбота Есімбекова (66 кг);
Мария Сидоренко (70 кг);
Зарина Толыбай (75 кг);
Құралай Егінбайқызы (81 кг);
Сабина Жақсылық (+81 кг).

Айта кетейік, жастар арасындағы финалдық кезең 22 мамыр күні өтеді.