Жаңалықтар

Жастар арасында SportАrtFest байқауы басталды

Жастар арасында SportАrtFest байқауы басталды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 04.08.2024 10:27 380

Қазақстанда жастар арасында SportArtFest байқауы басталды. Барлық өңірлерден келген командалар білім, спорт және шығармашылық қабілеттері бойынша үздік атану үшін күресетін болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

SportArtFest байқауы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Ules» жобасы аясында өткізіліп жатыр. Аталмыш іс-шара жастарды оқуға, өнерге және спортқа баулу, сондай-ақ елімізде салауатты орта қалыптастыруға бағытталған.

Байқаудың алғашқы үш кезеңі өңірлік деңгейде, төртіншісі республикалық деңгейде өтеді. Әр командада 5 адам бар.

Әуелі топтар Қазақстан тарихы, отандық және әлемдік спорт, мәдениет саласы бойынша сұрақтардан тұратын зияткерлік тест тапсырады. Содан кейін командалар спорттық челленджден өтуі керек. Ал, үшінші кезеңде оларды ұйымдастырушылар бекіткен бес кітап бойынша IQ-buttle күтеді.

Финалистер Алматыда өтетін республикалық кезеңде өңір намысын қорғауға барады. Жүлде қоры 1 600 000 теңгені құрайды.

Конкурсқа 8 тамызға дейін https://ulesqos.kz сайтында тіркелуге болады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға