Жаңалықтар

Жасөспірімді ұшаққа отырғызбаған Air Astana 5 млн теңге өтемақы төлейді

Жасөспірімді ұшаққа отырғызбаған Air Astana 5 млн теңге өтемақы төлейді
Фото: ©El.kz/Артем Чурсинов 29.10.2024 10:40 338

Air Astana әуе компаниясы 12 жасар қызды ұшаққа отырғызбағаны үшін оның анасына 5 млн теңге көлемінде моральдық өтемақы төлейтін болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Естеріңізде болса, 20 шілдеде Зере мен Зәуре есімді егіз қыздар АҚШ-тағы саяхаттан Қазақстанға оралған. Бір топ бала Астана арқылы транзитпен Оралға ұшуы керек болған, алайда әуе компаниясы Зерені бортқа кіргізбей, жалғыз өзін тастап кеткен. Соның салдарынан егіздің сыңары Астана әуежайында жалғыз қалып қойған. Ал сенімді өкіл басқа балалармен ұшып кеткен.

Осы жайттан соң шу шығып, FlyArystan басшысы баланың анасынан кешірім сұрады, өтемақы ретінде 4 миллион теңге де ұсынған. Дегенмен әйел одан бас тартып, сотқа жүгінген.

Компания жасөспірімді қала шетіндені қонақ үйге орналастыруды ұсынғанымен, оның анасы қызын жалғыз жіберуден бас тартқан, оның үстіне заңды өкілсіз кәмелетке толмаған баланы қонақ үй тіркемейді. Сонан соң анасының өтініші бойыншы әуежайға оның туысы келген. Алайда ол жолаушы болмағандықтан, әуе компания оған қонақ үй беруден бас тартқан. Компания дерегінше, келісім бойынша қонақ үй тек жолаушыны тіркей алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға