Жаңалықтар

Жасөспірімдердің пойызда жүру ережесі өзгертілді

Жасөспірімдердің пойызда жүру ережесі өзгертілді
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 14.07.2023 12:07 1636

Жасөспірімдердің пойызда жол жүруіне қатысты ереже өзгертілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі

Бүгінге дейін елімізде 15 жастан асқан жасөспірімдер пойыздарда ата-анасынсыз тек нотариалды куәландырылған келісімімен және заңды өкілінің сенімхатымен ғана жүре алатын. Бұл ереже 2015 жылдың сәуірінде бекітілген еді.

Көлік прокуратурасы қызметкерлерінің айтуынша, бұл норма нотариалды куәландырылған келісімнің растайтын құжат екенін ескермеген. Сондықтан сенімхат қажет емес.

Оқи отырыңыз:

Мониторинг көрсеткендей, кейде жолсеріктер сенімхатсыз жолаушыларды пойызға отырғызбайды немесе жол жүріп кеткен соң түсіріп тастайтын жағдайлар кездеседі.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көлік прокуратурасының шағымын қанағаттандырды. «ҚТЖ» ұлттық компаниясына жолаушыларды 15 жастан бастап нотариалды куәландырылған келісіммен қабылдау керектігі хабарланды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға