Жасөспірімдер спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында қола алды
06.06.2025 20:10
Фото:
ҰОК
Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы спорттық гимнастикадан қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық құрама командалық көпсайыста үшінші орынға көтерілді. Жүлдеге қол жеткізген спортшылар: Нұртан Ыдырысов, Роман Хегай, Артём Ковалев, Владислав Бабушкин, Андрей Терман және Өмірсерік Досжан.
Бірінші орынды Жапония иеленсе, екінші орынға Оңтүстік Корея құрамасы тұрақтады.
ҰОК ақпаратына сүйенсек, бұған дейін ересектер құрамасы да Азия чемпионатында үшінші орынды еншілеген болатын.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

