Жасөспірімдер Азиадасы: Қазақстан биіктікке секіруден қос бірдей жүлде жеңіп алды
27.10.2025 04:20
Фото:
ҚР ҰОК
Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында биіктікке секіруден қыздар арасында үздіктер анықталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазақстандық жеңіл атлеттер екі бірдей жүлдеге қол жеткізді.
Ольга Изюмникова мен Милена Мерц қола медаль иегерлері атанды. Екі спортшы да ең үздік секіруінде 1.65 метр нәтижесін көрсетті.
Алтын медальді Кувейт спортшысы Ясмин Рой жеңіп алды - 1.73 метр. Тайбэйлік Чао-Тин Чен 1.69 метр нәтижемен екінші орынға табан тіреді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

