ҚР ҰОК

Жасөспірімдер Азиадасы: боксшы Рамина Маханова қола жүлдеге ие болды

Бокстан Қазақстан қыздар құрамасының өкілі Рамина Маханова Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұрымды боксшымыз 54 келіге дейін салмақта ел намысын қорғады.

Рамина жартылай финалда Үндістан елінің өкілі Чандрика Пуджаримен қолғап түйістірді. Жекпе-жек қорытындысы бойынша үндістандық боксшы жеңіске жетті.

Осылайша, Рамина Маханова жарысты қола жүлдемен аяқтады.