Жаңалықтар

Жасанды ақыл-ой туралы сіз естімеген 10 дерек

Ақылды компьютерлер біздің өмірімізді жаңа деңгейге шығаруы мүмкін.
11.02.2016 12:18 10585

1950-ші жылы Алан Тьюринг есімді ғалым қарапайым әрі өте ұтымды тест ұсынды. Сынақтаманың мақсаты, компьютердің ойлау жүйесінің бар-жоғын анықтау.  Ғалым тәуелсіз сарапшыны бір бөлмеге кіргізіп, оны бір адаммен және артынша бір компьютермен сөйлестіруді ұсынады. Алайда, тесттің басты ережесі – сұхбаттасушылар бір-бірін көрмеуі қажет. Егер сұхбат барысында сарапшы адам мен компьютерді ажырата алмаса, онда компьютердің ақыл-ойы бар дегенді білдіреді. Осы ұсыныстан кейін «ақылды» машиналар қарқынды түрде дами бастады. 

10.  «Ақылды» компьютерлердің көбінде - әйел адамның даусы

Жасанды ақыл-ой туралы сіз естімеген 10 дерек

«Ақылды» машиналармен вербалды қатынасқа түскен кезде, олардың көпшілігі әйел адамның даусымен сөйлегенін байқаған боларсыз? Олай болуының бірнеше себебі бар. Америкалық ғалымдардың зерттеуі бойынша «әйел адамның даусы құлаққа жағымдырақ», –   деген тұжырымға келген. Онымен қоса,  компьютерді ойлап тапқан адамдардың басым көпшілігі ер адамдар болғандықтан, оларға бейсана түрде әйел адаммен жұмыс істеген ұнайды.

9. Роботтандырылған үй жануарлары

Жасанды ақыл-ой туралы сіз естімеген 10 дерек

Ата-аналардың көпшілігі балаларына үй жануарларын асырауға рұқсат бермейді. Өйткені, оларды қаражат жұмсап тамақтандыру, уақыт бөліп қыдырту қажет. Алайда, заманауи технологиялардың арқасында қазіргі кезде робот жануарлар пайда болды. Олар электр тоғынан қуат алып, күні бойы сіздің балаңызбен ойнауға дайын. Бұл сала қарқынды дамып жатқаны сонша, өнертапқыштар өз туындыларына жарыса потент алып жатыр.

8. Өзін-өзі жөндей алатын құлтемірлер

Жасанды ақыл-ой туралы сіз естімеген 10 дерек

2015-ші жылы жапон ғалымдары өзін-өзі жөндей алатын роботтардың сынақтардан сәтті өткендігін мәлімдеді. Алты аяғының екеуі істен шықса да құлтемір ешкімнің көмегінсіз алгоритм арқылы ақпараттарды өңдей алады. Сонымен қатар екі аяғы жұмыс істемей қалса да қалыпты жағдайға оңай бейімделе алатындығымен ерекшеленеді.    

7. Ақпараттық мақалалар жазатын компьютер

Жасанды ақыл-ой туралы сіз естімеген 10 дерек

Тұңғыш рет ақылы бар робот жазған мақаланы Los Angeles Times сайты жариялады. Мақала мәтініне зер салсақ: «Геологиялық қызмет көрсету орталығының мәліметіне сүйенсек, дүйсенбі  күні таңғы сағат 6:25-те Калифорния штатында 4,7 балдық жер сілкінісі болды. Соңғы он күнде бұл аймақта үш балдан артық жер сілкінісі болмаған», – деп жазған. Демек, компьютер сөйлемнің құрылымын түсініп қана қоймай, барлық заңдылықтарды сақтай отырып, ақпарат бере алған.  

6.  Чемпиондарды жеңген компьютер

Жасанды ақыл-ой туралы сіз естімеген 10 дерек

Жасанды ақыл-ойдың ең үлкен жетістігі – IBM комапиясы құрастырған Deep Blue компьютері. Жаңа техника әлемнің ең үздік шахматшыларының бірі Гарри Каспаровты жеңген. Тарихи оқиға 1997-ші жылы Нью-Йоркта орын алды.

5. Адам мен роботтың махаббаты

Жасанды ақыл-ой туралы сіз естімеген 10 дерек

Компьютерлер жақын уақытта «адамның ақыл-ойымен теңесе алады», – деп болжасақ, логикалық тізбек бойынша бірнеше сауал туындайды. Мәселен, «Адам мен роботтың арасында махаббат болуы мүмкін бе?», – деген сұрақ.

Маастрихта (Нидерланды) университетінің ғалымы бұл жағдайдың қалай белең алатыны жайлы айтқан болатын. Оның ойынша бастапқыда адамдар мұны жағымсыз қабылдағанымен, БАҚ құралдарында қайта-қайта айтыла бергеннен кейін, қалыпты жағдайға айналады.

4. Өзін-өзі оқытатын компьютер

Жасанды ақыл-ой туралы сіз естімеген 10 дерек

Компьютерлер өзін-өзі жөндеумен ғана шектелмей, тіпті, өзін-өзі оқыта алатын деңгейге жеткен. Мысалы: Google компаниясының суперкомпьютері өздігінен 2600 компьютерлік ойынды ойнауды үйреніп алған.

Қызықты жайт: Америкалықтар ойлап тапқан ақылды андройд YouTube желісіндегі видеоларды қарап түрлі тағамдарды дайындауды үйреніп алған. Робот керемет аспаз болса да, оны мейрамханалар жұмысқа алудан бас тартқан.

3. Роботтардың ақыл-ойы адамдармен теңесе ала ма?

Жасанды ақыл-ой туралы сіз естімеген 10 дерек

Жыл өткен сайын роботтар дамып келеді. 2013 жылы ең ақылды роботтың ақылы төрт жасар баланікіндей болған. Атақты футурист Рэя Курцвейлдың болжамы бойынша 2029 жылы роботтардың ақыл-ойы ересек адамдардікімен теңеседі.

2. Наутилус- электронды Нострадамус 

Жасанды ақыл-ой туралы сіз естімеген 10 дерек

Суперкомпьютер Наутилус екі жүз шақырым қашықтықта Усама бен Ладеннің үйін дәл тапқан. Оның жұмыс істеу принціпі ерекше. Комьютер 1946 жылдан бастап жарық көрген барлық ақпараттарды өңдеп, болашақты болжап отырады.

10. Ақырзаман жақын ба?

Жасанды ақыл-ой туралы сіз естімеген 10 дерек

Ақылды компьютерлер біздің өмірімізді жаңа деңгейге шығаруы мүмкін. Олардың жұмысы бізге медицинада, қауіпсіздік саласында, халыққа қызмет көрсету саласында кәдеге жарары сөзсіз. Дегенмен, Стивен Хокинг, Билл Гейтс, Элон Маск секілді үлкен ғалымдардың пікірінші жасанды ақыл-ой иелерінің дамуы адамзатқа қауіп төндіреді. Қалай болғанда да, ақылды роботтар адамдар алдында тұрған барлық проблемаларды шешеді, немесе сол роботтар адамзаттың жер бетінен жойылуына себепкер болады. Ал сіз қалай ойлайсыз? 

 


Аударған Рүстем ӘЛПИ

publy.ru сайтынан алынды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға