©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney

Жасанды интеллекттен үрейленетін елдер анықталды

Pew Research Center жүргізген халықаралық зерттеу нәтижесіне сәйкес, АҚШ пен Италия тұрғындарының 50%-ы жасанды интеллект (ЖИ) технологияларының күнделікті өмірге енуіне байланысты көбірек алаңдаушылық танытады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл елдер 25 мемлекет арасынан ЖИ-дан ең көп үрейленетіндер қатарында көш бастап тұр.

ЖИ дамуына алаңдайтындардың қатары басқа елдерде де аз емес:

Австралияда – 49%,

Бразилияда – 48%,

Грекияда – 47%,

Канадада – 45%.

Ал ЖИ-дан ең аз қорқатындар – Оңтүстік Корея (16%) мен Үндістан (19%) тұрғындары.

Ең көп ынта мен үміт танытқандар – Израиль (29%), Оңтүстік Корея және Швеция (22%), сондай-ақ Нигерия (20%) азаматтары.

Жалпы алғанда, 25 ел бойынша сауалнамаға қатысқандардың:

  • 34%-ы ЖИ таралуына алаңдайтынын,
  • 16%-ы, керісінше, қуанышпен қабылдайтынын,
  • 42%-ы екіұдай сезімде екенін айтқан.

Сонымен қатар Pew Research сарапшылары адамдардың ЖИ туралы хабардарлық деңгейін де анықтады:

  • 81% респондент бұл технология туралы кем дегенде естіген,
  • 34% оны жақсы түсінемін деп есептейді,
  • 14% мүлде білмейтінін айтқан,
  • 5% сұраққа жауап бермеген.

Зерттеу 2025 жылдың наурыз айында 25 елде, соның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Кения, Индонезия, Түркия және Мексикада жүргізіліп, 3605 адам қатысқан.