Жаңалықтар

Жасанды интеллектіні нормативтік тұрғыда реттеу қажет - Президент

Жасанды интеллектіні нормативтік тұрғыда реттеу қажет - Президент
Фото: Akorda.kz 12.10.2023 10:56 1083

Президент бүгінде 120-дан астам ел бұл мәселені шешу үшін әртүрлі заңнамалық акті қабылдағанын атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Біз озық әлемдік тәжірибеге сай келетін, нарықтың қажеттілігі мен азаматтардың мүддесін ескеретін, құқықтық тұрғыдан реттейтін заманауи база әзірлеу ісін жеделдетуіміз керек. Құқықтық шарттар халықаралық компаниялардың біздің нарыққа келуін ынталандыруы қажет. Ол үшін мүдделер тепе-теңдігін сақтап, ашық және әділ «ойын ережелерін» қалыптастырған жөн, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы жалпы жасанды интеллект құралдарын адамдардың күнделікті өміріне кіріктіру оңай міндет емес екеніне баса назар аударды.

Бұл ретте олардың құқықтары мен бостандықтары бұзылмауы тиіс. Форумға қатысушылар осы саланы реттейтін негізгі құжаттарды, соның ішінде Цифрлық кодекс жобасын әзірлеуге үлес қоса алады деп үміттенемін, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға