Жасанды интеллектіні дамыту әдебін қадағалайтын комиссия құрылуы мүмкін
EL.KZ Информационно-познавательный портал
Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII Съезінің жалпы отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні дамыту әдебі жөнінде дінаралық комиссия құруды ұсынды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мемлекет басшысының айтуынша, жасанды интеллект елдердің қарқынды дамуына тың серпін беретін үлкен мүмкіндік. Алайда технологиялық прогресс барысында этикалық нормаларды сақтау – айрықша маңызды талап. Осыған байланысты Қазақстан бұл саладағы халықаралық ынтымақтастыққа ашық екенін атап өтті.
Президенттің пікірінше, жаңа комиссия нейрожелілер мен өзге де заманауи технологияларды жауапкершілікпен пайдаланудың ортақ қағидаттарын әзірлеуге атсалысады. Ол құжатта адам қадір-қасиетін құрметтеу, кемсітушілікке жол бермеу, сондай-ақ тағдырлы шешімдер қабылдайтын алгоритмдердің әділ жұмыс істеуін қамтамасыз ету секілді ұстанымдар қамтылуы тиіс.

