©El.kz/Амангүл Тілейқызы

Жасанды интеллект барлық салада қолданыста болуы керек – депутат

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында жасанды интеллектіні дамытудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Осыған байланысты El.kz интернет порталының тілшісі депутат Нұртай Сабильяновтың пікірін білген еді.

Мәжілісмен биылғы жолдаудың ерекшелігі жалпы экономиканы дамытып, халықтың жағдайын жақсарту екенін айтты.

Президентіміз жолдауында жасанды интеллект туралы мәселені көтеріп отыр. Бұл өте керек. Парламент Мәжілісінде жасанды интеллект туралы заң жобасын бір жылға жуық уақыт талқылап жатырмыз. Депутаттардың бастамышылдығымен әзірленген заң жобасы аясында біз қоғамды әрі қарай дамытамыз. Жасанды интеллект өнеркәсіпте де, ауыл шаруашылығында да, жалпы барлық салада қолданыста болуы керек. Өйткені заман талабы сол, – деді Мәжіліс депутаты.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауын жариялады.