Жасанды интеллект ауыстыруы мүмкін мамандықтар аталды
Microsoft компаниясының зерттеушілері алдағы жылдары жасанды интеллект (ЖИ) алмастыруы мүмкін 40 мамандықтың тізімін жасады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қауіп төнген салалардың тізімінде мәтінмен, коммуникациямен және ақпарат өңдеумен айналысатын мамандар бар.
Ең алдымен, ЖИ аудармашыларды, тарихшыларды, жазушыларды, саясаттанушыларды және журналистерді алмастыруы мүмкін. Сондай-ақ қауіп тобына қолдау қызметінің мамандары, бортсеріктер мен сауда өкілдері де кіреді.
Ал автоматтандырудан ең қорғалған мамандықтар – техникалық салада еңбек ететіндер: кеме механиктері, бетон құюшылар, су тазарту станцияларының операторлары. Медицинада да – хирургтер мен олардың көмекшілері әлі де сұранысқа ие болады.
Microsoft сарапшысы доктор Киран Томлинсонның айтуынша, ЖИ жазбаша жұмыс пен коммуникацияға байланысты тапсырмаларды тиімді орындай алады, алайда ол әзірге адамды толықтай алмастыруға қабілетті емес. Дегенмен өнімділіктің артуы жаңа жұмыс орындарының пайда болуына да, жаппай қысқартуларға да әкелуі мүмкін.

