Жаңалықтар

Жасампаз өзгерістер – халық игілігі үшін

Жасампаз өзгерістер – халық игілігі үшін
13.06.2019 15:55 5075

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының сайланған Президенті қызметіне кірісуіне арналған ресми салтанатта сөйлеген сөзі Қазақстанның жаңа тарихы бастау алғаны белгіленген нүктесі болды.

Ол, Мемлекет басшысы біздің бәріміз нақты түсінетіндей етіп айтқан – жақсы өмірге өтетін кезіміз болмақ. Әрине, қоғам тағатсыздана күткен Президенттің ұлықтау рәсіміндегі сөзі азаматтардың басты сауалдарына берілген нақты және түсінікті жауап болды.

Онда Президент Қ.Қ. Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасының ережелері ғана көрініс тауып қоймай, оларға қол жеткізудің негізгі тәсілдері де белгіленіп, жинақталған түрде берілген. Сабақтастық қағидаты Елбасының Қазақстанды Үшінші жаңғыртуды, Бес институционалдық реформаны іске асыруға арналған бағытының, Президент «Елбасы стратегиясы» деп атағанның барлығының өзгермейтіндігімен расталды.

Сонымен бірге жаңа тәсілдер мен жаңа шешімдер уәде етілді және, Мемлекет басшысының айтуынша, олар өздерін көп күттірмейді. Сондай-ақ, Тұңғыш Президент-Елбасы өткен жылдың соңында және осы жылдың басында қалыптастырған қуатты әлеуметтік пакет осы саладағы елеулі нәтижелерге қол жеткізу мақсатында әлеуметтік саясаттың жаңартылуымен толықтырылатыны да маңызды.

Биліктің адамдардың сұраныстарын есту, жергілікті жерлердегі мәселелерді шешу, азаматтар алдында жүйелі түрде есеп беру міндеті ерекше атап өтілді. «Уәде бермей, істеу керек!» деген тезис орталық және жергілікті биліктің іс-әрекеттерін бағалаушы ұстанымға айналып, ол адамдардың нақты әл-ауқатынан көрініс табуға тиіс.

Әділдік қағидатын растау дегеніміз де міне, осында жатыр. Барлық саладағы – экономикалық, әлеуметтік және саясат саласындағы – прогресс қағидатын Президент қазіргі заманғы сын-қатерлерге бірден-бір дұрыс жауап ретінде қарастырады.

Бірақ прогрестің өзі де сандық немесе физикалық өсу ретінде емес, адамдардың игілігі үшін жасалған жасампаз өзгерістер ретінде түсініледі. Сондықтан қазақстандық кәсіпкерлерді қолдау, инвестицияларды тарту және қорғау, іскерлік белсенділікті ынталандыру ниеті, сайып келгенде, тұрақтылық пен бірліктің негізі ретінде кең ауқымды орта тапты қалыптастыруды білдіреді.

Міне, осы жерде біз Мемлекет басшысының қоғам мен азаматтар үшін маңызды – қоғамның бірлігін қамтамасыз ету және әрбір азаматтың құқықтарын қорғау мақсатына жақындаймыз. Сайлау науқаны да осы әлеуметтік сұранысты қоғамдық күн тәртібіндегі жетекші тренд ретінде алға шығарды.

Екінші жағынан, Мемлекет басшысы ұлықтау рәсіміндегі сөзінде өз президенттігінің жаһандық мақсаттарын ғана емес, сондай-ақ оларға қол жеткізудің негізгі тәсілдерін де атап көрсете алды. Мемлекеттің стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін жауапкершілігі бір формуламен тұжырымдалды: күшті, өкілетті Президент – ықпалды, әрекетке қабілетті Парламент – халыққа есеп беретін Үкімет.

Алайда, саяси қондырма жүргізіліп жатқан экономикалық өзгерістерге сәйкес болуы үшін саяси трансформация процесі белгіленген. Және де бұл процесс биліктің халық алдындағы жауапкершілігін арттыру, азаматтық қоғамды дамыту, билік пен қоғамның диалогы, сондай-ақ пікірлер плюрализмі векторы бойынша құрылатын болады.

Бұл жолдағы алғашқы қадам, бәлкім, алғашқы кеңесі осы жылдың тамыз айында өтетін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру болуы мүмкін. Ал Президенттің сайлауалды тұғырнамасын іске асырудың нақты жоспары барлық жұмыстың ортақ мәні болып, онда азаматтар мен қоғамның тілектері ескерілетін болады. Мемлекет басшысы Президент лауазымындағы жұмысының басымдықтары деп атаған 10 міндет барынша нақтылықпен атап көрсетілді.

Олардың қатарында - халықтың табысын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, сот реформасы, жұмысқа орналастыру, жаңа жұмыс орындарын ашу, табысты әділ бөлу, тұрғын үй мәселелерін шешу, әділ әлеуметтік саясат, жалпыға бірдей оқытуды қолдау, сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету, өңірлерді дамытудың жаңа бағыты, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, сыртқы саясат және жастар блогы бар.

Сайлау алдындағы тұғырнамада белгіленген бағыттар арнасында мүлде күтпеген және жаңа сигналдар айтылып, олар Қ. Тоқаевтың өз бәсекелестерінің халық арасында танымал болған тезистеріне айтарлықтай мән беріп, шын мәнінде барша қазақстандықтардың «халықтық» Президенті болуға ниетті екенін көрсетті.

Олардың арасында – «өсудің маңыздылығы», «сот әділдіктің соңғы инстанциясына айналуы тиіс», «кірістерді әділ бөлу - бұл стратегиялық маңыз бар мәселе», «халық өңірлердегі шешім қабылдауларға қатысуы тиіс», «бостандыққа ұмтылу, халықтың бірлігі мен жасампаз күші», «жастар - прогрестің қозғаушы күші», «президенттік кадрлық резерв» бар.

Бұл сигналдарды қоғам да, қазақстандық саяси тап та, мемлекеттік қызмет те естуге тиіс. Естіп, Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихы «есік қағып тұрмағанын», қазір кезде «табалдырықтан аттағанын» түсінулері керек.

Сондықтан да «президенттік уақыт» қысылып, нығыздала түсуде, өйткені, ұлықтау рәсімінде сөйленген сөзде белгіленген мерзімдер – «таяу болашақ» та емес, «Үкіметтің таяудағы отырысы», биылғы жылдың тамыз айы, бүгін және дәл қазір.

Бұл дегеніміз, біз бәріміз бірге жаңа саяси циклге қадам басқанымызды білдіреді және қазір біздің айналамызда – жаңа шынайы өмір.

Данагүл Амантай,

ҚХА Баспасөз қызметінің редакторы


Ж. Түймебаев,

ҚХА Төрағасының орынбасары

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға