Жаңалықтар

Жас суреткердің сыршыл әлемі

Астанада Жеңіс Молдабековтің жеке көрмесі ашылды
10.11.2016 12:35 9010

Кеше «Астана» ұлттық сурет галереясында жас суретші Жеңіс Молдабековтің «Ұлы дала сыры» атты жеке көрмесі ашылды.

Жас суреткердің сыршыл әлемі

Салтанатты шарада сөз сөйлеген Астана Суретшілер одағының төрағасы Тоқтар Ермеков Жеңіс Молдабековтің өзінің ерекше қолтаңбасы бар маман екенін айтты:

Жас суреткердің сыршыл әлемі

– Жеңіс үнемі ізденіс үстінде жүреді. Сондай ізденістерінің жарқын бір үлгісі – матаға салынған жас арудың бейнесі.

Жас суреткердің сыршыл әлемі

Ал, мүсінші Тілеужан Батанов жас суретшінің уақыттың тынысын сезіне білетіндігін сөз етті:

– Жеңіс – жаңа уақыттың екпінін өзінің жан-жүрегімен сезіне алатын суреткер. Оның кей туындыларына қарап, реализм бағытында салынған деп ойлайсыз. Бірақ, басқа қырынан алғанда, ол картиналардан суретшінің заманауи техникалардың тілін түсінетіні байқалады. Жеңіс композицияның заңдылықтарына өте қатты мән береді. Сондай-ақ, оның ұлттық құндылықтар, жалпы, ұлттық дүниеге деген көзқарасы жоғары. Қазіргідей компьютерленген заманда бұл суретшіге қажет ерекше қасиет дер едім.

Жас суреткердің сыршыл әлемі

Жеңіс Молдабеков қолы бос кезде «Нұр Отан» партиясы ұйымдастыратын түрлі әлеуметтік, мәдени шараларға белсене араласады.

Ол табиғат аясында балаларға сурет салуды үйретеді.

Жас суреткердің сыршыл әлемі

Өзге де суретшілермен бірге Қазақстанның көрікті жерлерін аралап, сурет салады. Жас суретшімен тығыз әріптестік қарым-қатынас орнатқан «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары Владислав Сергеев Жеңістің өзге жастарға зиялылығымен, тәрбиесімен  үлгі болып жүргенін сүйсіне жеткізді.

Жас суреткердің сыршыл әлемі

Көрмеге Жеңістің қазақтың мәдениетінен, тұрмыс-салтынан сыр шертетін картиналары қойылған.

Жас суреткердің сыршыл әлемі

Оның қазақ арулары сериясындағы «Қалыңдық», «Сәукеле», «Бейтаныс қыз», «Жас келін» картиналары өздерінің айрықша нәзіктігімен, сыршылдығымен ерекшеленеді.

Жас суреткердің сыршыл әлемі

Суретші кей картиналарын қатты матаға салып, оған теңгелер жапсыру арқылы өзгеше реңк кіргізе білген.

Жас суреткердің сыршыл әлемі

Ал, «Арман қала», «Есіл өзені», «Астана-Экспо», «Жазғы жаңбырдан кейін», «Нөсерлі күн», «Астана саябағы» сияқты картиналарынан суретшінің қаланың тыныс-тіршілігін әдемі сезіммен, әдемі бояумен жеткізе білетіндігі аңғарылады.

Жас суреткердің сыршыл әлемі

 

Жас суреткердің сыршыл әлемі

Жеңіс Молдабеков Түркістан қаласында дүниеге келген. Оның сұлулыққа құштар болып өсуіне өзінің анасы ықпал етіпті. Өйткені, анасы – «Бейнелеу өнері» пәнінің мұғалімі.

Жас суреткердің сыршыл әлемі

Жас суреткердің сыршыл әлемі

 

Жас суреткердің сыршыл әлемі

Жеңістің туындылары нәзік сезімге толы. Ол көбіне өз картиналарында жаңбырлы күнді, қолшатырларды және қала көрінісін бейнелегенді ұнатады. Өйткені, ол – романтик.

Жас суреткердің сыршыл әлемі

Жас суретшінің Астана қаласының көрікті жерлерін бейнелеген картиналары көп. Оларға көбіне шетелдіктер тапсырыс береді екен.

Жас суреткердің сыршыл әлемі

Жеңістің айтуынша, бүгінгі нарық заманында суретшілікпен өмір сүру қиын емес. Себебі, «жылдан-жылға халықтың көркемөнерге деген көзқарасы жақсарып келеді. Сапалы, мағыналы картиналарға қашанда сұраныс бар» дейді ол.  

Жас суреткердің сыршыл әлемі

 

Жас суреткердің сыршыл әлемі

Жас суреткердің сыршыл әлемі

Жеңістің кішкентай ұлы Нұрмұхаммед те болашақта суретші болатын сияқты.

Жас суреткердің сыршыл әлемі

Суретші биыл Зеренді, Қапшағай, Баянауыл сияқты әсем өлкелерге барып, табиғат аясында шығармашылығын шыңдап келді.

Жас суреткердің сыршыл әлемі

Өзінің айтуынша, Қазақстанның көркем жерлеріндегі шығармашылық жұмыс оның шабытына шабыт қосып, ұмытылмас әсер сыйлапты.

Жас суреткердің сыршыл әлемі

Қазір көп уақытын өзінің жеке шеберханасында өткізетін суретші жақын арада елордадағы ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-тарихи музейіндегі жаңа жұмысына кіріспекші.

Жас суреткердің сыршыл әлемі

Көрменің ашылу рәсімінен соң, Жеңіс Молдабеков қонақтарға арнап, бейнелеу өнерінен шеберлік дәрісін өткізді. Дәріс кезінде Жеңістің төмендегі картинасы дүниеге келді. 

Жас суреткердің сыршыл әлемі

Көрме 14 қарашаға дейін жалғасады.


Роза ӘРЕН

Суреттерді түсірген – Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға