Жаңалықтар

«Zhas project» жобасы жастарға тың идеялар ұсынбақ

Жобаға 18-29 жас аралығындағы жастар қатыса алады
«Zhas project» жобасы жастарға тың идеялар ұсынбақ
Фото: dknews.kz 03.08.2022 16:55 3056

Бүгін ОКҚ-де ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 250 жобаға 1 млн теңге грант берілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz 

Жоба Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасы шеңберінде Алматы, Қарағанды, Маңғыстау және Түркістан облыстарында пилоттық режимде іске асырылуда. Жобамен қамтуды кеңейту мақсатында Жетісу және Ұлытау облыстары қосымша енгізілді.

«Zhas project» жобасы шағын гранттар беру конкурсына өтінімдер қабылдау 2022 жылғы 10 тамызға дейін. Министрлік мәлім еткендей, аталмыш жоба әлеуметтік жағдайы төмен жастардың бастамаларын қолдауға бағытталған. Жобаға 18-29 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Жобаның тағы бір ерекшелігі, жастарға қоғам үшін пайдалы кез келген идеяларды іске асыруда қолдау көрсетеді. Бағдарлама жас ұрпақты тұрғылықты жерлеріндегі әлеуметтік-экономикалық өмірге, басымдық-шалғай елді мекендерге тартуға бағытталған.

Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар бизнес-жобаларды оқыту және іске асыру арқылы NEET жас санаттары, аз қамтылған жастар және мүгедек адамдар оң және нәтижелі қызметке тартудың бірегей тәжірибесіне ие болады. Бір миллион теңге – бұл бір адамға арналған грант сомасы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға