Жаңалықтар

Жас боксшылар АҚШ-тан оралды

Қазақстанның атынан Америкаға кеткен сегіз жас боксшы мен төрт бапкер елге оралды. Екі апта бойы жаттығу жиындарында болған олар алған әсерлерімен бөлісті.
29.03.2016 10:23 3893

Қазақстанның атынан Америкаға кеткен сегіз жас боксшы мен төрт бапкер елге оралды. Екі апта бойы жаттығу жиындарында болған олар алған әсерлерімен бөлісті.

Жас боксшылар АҚШ-тан оралды

Бұл сапарды Қазақстан мен АҚШ-тың дипломатиялық  қарым - қатынасына 25 жыл толуына орай Америка елшілігі ұйымдастырды. Спортшылар Луисвилль мен Вашингтонда болып, әйгілі боксшы Мұхаммед Әлидің құрметіне орай ашылған спорт кешенінде жаттығу жиындарын өткізді.

Марат Сейтмағамбетов — бапкер:

— Біз Вашингтонда бірнеше бокс кешендерінде болдық. Америка бокс мектебі өзгеше екен. Олардың жаттығулары да, спортшыны дайындау әдістері де біздің бокс мектебінен басқаша. Шынымды айтсам, олар біздің боксшылар мен олардың дайындалу мәнерін көріп таңғалды.  Өйткені, біздің бокс мектебіміз сонау кеңес дәуірінен бастау алады. Ал америкалық боксшылар көбіне жақын жүріп жұдырықтасады. Жалпы, бұл сапардан түйгеніміз көп.

Жас боксшылар АҚШ-тан оралды

Жас боксшыларға Мұхаммед Әлидің бокс мектебі өте ұнағанын айтты. «Бұл мектептің ерекшелігі — боксшылар тек қана дайындалып қана қоймай, бұл мектепке ғана тән өзіндік принциптермен тәрбиеленеді екен. Олар жиырмасыншы ғасырдың ең атақты боксшысы ұстанған «барлығына құрметпен қарау», «ешқашан берілмеу», «спорт үшін барыңды салу» секілді тұжырымдарды ұстанады», - дейді жас боксшылар.

Жас боксшылар АҚШ-тан оралды

Спортшылардың айтуынша жергілікті телеарна жас спортшыларға қызығушылық танытып, жаңалықтардан көрсеткен.  27-наурыз күні елге оралған спортшылар мен бапкерлер әрқайсысы өз өңірлеріне жол тартты. Енді олардың мақсаты — сапар жайында басқа спортшылармен бөлісіп, бапкерлер үйренген жаңа тәсілдерімен бөліспек.  


Рүстем ӘЛПИ  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға