Жаңалықтар

«Жас ұлан» жастармен толықты

Алғашқы қоңырау
01.09.2016 10:13 5601

Генерал Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінде алғашқы қоңырау соғылды. Сондай-ақ, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған Білім күнінің алғашқы сабағы өтті.

«Жас ұлан» жастармен толықты

Салтанатты жиынға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі білім және ғылым департаменті орынбасары полковник Нұрмаханов Бегім және Назарбаев интелектуалды мектебінің өкілдері қатысты.

«Жас ұлан» жастармен толықты

Жиын әдеттегідей мектептің туын салтанатты түрде сапқа тұрғызумен басталды.  Бұдан соң мектеп директоры енді ғана «Жас ұлан» табалдырығын аттаған болашақ  ұландарға сәттілік тілеп, барша оқушыларға ыстық лебізін жеткізді.

«Жас ұлан» жастармен толықты

Ақбота Мұқышова,  «Жас ұлан» республикалық мектебінің мұғалімі:

— Баршаңызды 1 қыркүйек — Білім күні мерекесімен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен және Ата заңымыз Конституция күнімен шын жүрегімнен құттықтаймын. Есімі аңызға айналған Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы киелі мектебімізге оқуға түскен ұландардың басқан қадамдары құтты болсын! Көздеген мұрат-мақсаттарына қол жеткізіп, армандары орындалсын!

«Жас ұлан» жастармен толықты

Айта кету керек биыл  «Жас ұлан» республикалық мектебіне еліміздің  әр облысынан әр түрлі әлеуметтік жағдайдағы 62 ұлан қабылданды. «Білім күніне» арналып саптық алаңда өткізілген салтанатты іс-шара мектеп көркемөнерпаздарымен дайындалған концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, алғашқы қоңырау соғылды.

«Жас ұлан» жастармен толықты

Мейірбек Алмасұлы, 11 сынып оқушысы:

— Міне «Жас ұландағы» соңғы жыл да таяп қалды. Үлкен өмірге өтуге бір ғана қадам жасау қалды. Мен өз басым болашақта әскери ұшқыш болғым келеді. Ол үшін биылғы жыл көп еңбек етуге тура келеді. Бізге жаңадан түскен ұландықтарға сәттілік тілеймін! Тәртіпті болып, білім алуға ерінбесе олар нағыз азамат болып өсетініне сенімдімін!

«Жас ұлан» жастармен толықты

Келген қонақтар және ата аналар балаларымен еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай «Мәңгілік ел» патриоттық актісі барысында ұйымдастырылған «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі білім және ғылым департаменті орынбасары, полковник Нұрмаханов Бегім ашық сабақ өткізді.  


Алмас САУДАНБАЙ

Фотограф — Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға