ҚТФ баспасөз қызметі

Жас теннисші Кореяда өткен турнирдің жеңімпазы атанды

Қазақстандық теннисші Кореяда өткен турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

ITF Juniors әлемдік рейтингінде 25-ші орын алған Заңғар Нұрланұлы Чхунчхонда өткен J200 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Қазақстан теннис Федерациясы.

Финалда ол корейлік Мин Хук Чоны 6:3, 6:4 есебімен сенімді түрде жеңді.

Турнир барысында Заңғар өзінің қарсыластарынан бірде-бір сетте кем түспеді.