Жас қыздармен билеген Нұрболат Абдуллинге «айыппұл» салынды
Мөлдір Қайнар тілші
Қазақстандық танымал әнші Нұрболат Абдуллин түлектермен билеген видеосын желіге жүктеймін деп басы дауға қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол өзіне «айыппұл» салынғанын Instagram-дағы парақшасында хабарлады.
Соңғы видеоға штраф келді. Әй, түлектер ғой десем түсінбей жатыр, - деп жазған әнші банк қосымшасынан 300 мың теңге жібергені туралы түбіртектің суретін жариялады.
Айта кетейік, түлектердің 5 жылдық кездесуіне барып, бірнеше қызды вальске шақырған әнші халықтан да біраз сөз естіді.

