instagram.com/almaty_police_department

Жас қыз екі сыбайласымен бірге интернетте танысқан ер адамды тонаған

Алматыда жас қызбен интернет арқылы танысқан қылмыстың құрбаны болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Полиция мәліметінше, қала тұрғынына қатысты тонау қылмысын жасағаны үшін екі ер адам мен бір қыз бала ұсталды. Ер азамат танысу сайты арқылы бір қызбен танысып, оның үйіне барған. Сол сәтте кенеттен қыздың таныстары келіп, жәбірленушіні қорқытқан. Оның жеке заттарын тартып алып, оқиға орнынан жасырынған.

Күдіктілер ізін суытпай ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тонау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мұндай қылмыстық тізбек бұған дейін де қаланың басқа аудандарында тіркелген. Азаматтарды интернет арқылы танысу кезінде, әсіресе алғашқы кездесулерде аса мұқият болуға шақырамыз, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.