Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жас қаламгерлерге арналған байқау басталды

Мәдениет және ақпарат министрлігінің жас қаламгерлерге арналған байқау басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Ерлік пен еңбек дастаны» атты жаңа байқау талантты авторларды қолдауға бағытталған. Мақсаты – қоғамдағы еңбек адамдарының маңыздылығын көрсету. Түрлі мамандық иелерінің еңбегі жас қаламгерлердің шығармалары арқылы насихатталады, - делінген мәліметте.

Байқау арқылы авторлар еңбек адамдарын жаңа қырынан танып, олардың рухын ашуға мүмкіндік алады.

Байқауға қатысуға өтінімдер 1 қазаннан бастап қабылданады. Жеңімпаз 2025 жылы Республика күнінде анықталады!