Қорғаныс министрлігі

Жас курсанттар ауыр науқастарға қан доноры болды

Алматыда Қорғаныс министрлігіне қарасты Әскери-техникалық мектебінің курсанттары мен оқытушылары «Өмірге үміт сыйла» қайырымдылық акциясына қатысты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Қайырымдылық жобасы ауыр науқастарға қан доноры болуды көздейді. Акция барысында Әскери-техникалық мектептің курсанттары мен оқытушылары мұқтаж жандарға көмектесу үшін шамамен 16 литр қан тапсырды. Олардың барлығы қан тапсырар алдында әрқайсысы медициналық тексеруден өтті. Мамандар қан тобын анықтап, денсаулық жағдайын тексерді және қарсы көрсеткіштер қандай болатыны туралы айтты. Осыдан кейін донорлар 450 миллилитр қан тапсырды.

Әскери мектеп бастығының орынбасары, запастағы полковник Мұрат Сахратов қан тапсыру адамдарға көмек қана емес, жастарды тәрбиелеудің маңызды бөлігі екенін атап өтті.

Біз курсанттарымызды әскери мамандыққа ғана дайындап қоймай, оларды жоғары моральдық және азаматтық құндылықтарға тәрбиелейміз. Донор болу – алғыс алумен қатар жауапты қадам. Мұндай іс-шаралар оқушыларымызға адам өмірінің құндылығын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді,– деді ол. 

Министрлік мәліметінше, ә0 жылдан астам уақыт бойы донорлық қан өткізу Әскери-техникалық мектеп үшін дәстүрге айналған. Жыл сайын мектеп тәрбиеленушілері мен оқытушылары 50-60 литрден астам қан тапсырады.