Жаңалықтар

Жас ғалымдар клубының мүшелігіне қалай өтуге болады?

Жас ғалымдар клубының мүшелігіне қалай өтуге болады?
Фото: ©El.kz/Айнур ОСПАНОВА 06.11.2024 18:14 418

Бұл туралы ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысында айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Іс-шара Жас ғалымдар клубының жобалары мен ҚХА ҒСК мүшелерінің ротациясы мәселелерін талқылау мақсатында ұйымдастырылды.

ҚР МАМ Қазақстандық қоғамдық даму институты басқарма төрағасының орынбасары Олжас Бейсенбаев Қазақстан халық ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Астанаға напақа іздеп келген азаматтардың, соның ішінде түрлі этникалық топтар өкілдерінің оқиғасын баяндау мақсаты бар екенін айтып өтті. 

Біздің бірлік - сан алуандығымызда. Аумақтарда жұмыс істейтін жас қызметкерлердің потенциялы зор. Сол себепті «Жастарға арналған гранттар» жобасын ұсынып отырмыз. Біз өз монографиясын шығару ниеті бар, мақала даярлап жатқан жас ғалымдарға қаржылық қолдау көрсетудеміз. Жобалардың арасындағы ең қызығы – Mentorship. Яғни сарапшылар кеңесіндегі аға буын мен жас мамандарды байланыстыратын жобаны айта аламыз. Сол арқылы ғылыми институттардың тәжірибелі мамандары ой бөлісіп,  жас ғалымдармен жаңа топқа бірігіп, нәтижесінде халықаралық журналдарда ғылыми мақалалар жарияланады. Этногеография, этносаралық қатынастар, басқа да әлеуметтік-саяси сұрақтар қамтылады, - деп түсіндірді ол.

Клуб жастардан құралады. Астанада Сенат жанында сарапшылар клубы мен жоғары оқу орындарындағы клубтар бар. Клубқа әртүрлі ғылыми дәрежелері бар әлеуметтанушылар, ғылыми қызметкерлер, батыстанушылар кіреді.

Клуб мүшелігіне қалай өтуге болады? Бастапқыда университеттерге жазып, кандидаттардың тізімін сұраттық. Бүгінде клубта 20 адам бар. Клуб - тәуелсіз. Мүшелері емін-еркін араласып, ой бөлісе алады. Олардың көбі - Алматы және Астанадан келген ғалымдар. Аймақтардан келгендері де бар. Болашақта кеңею жоспарда бар, - деп нақтылады Олжас Бейсенбаев.

PhD докторының айтуынша, аймақтағы ғалымдар отырыстарға онлайн қатысады. Шетелде оқып жатқан жас мамандардың өзі бұл клубқа қызығушылық танытып, онлайн қосылып жатады.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің доценті, әлеуметтанушы Эльмира Отар Жас ғалымдар клубы ҚХА Ғылыми Ғылыми-сарапшылық кеңесінің негізінде қалыптасқанын алға тартты.

Жас ғалымдар клубының қалыптасқанына 1 ай болды. Жарлығы да бар. Клуб мүшелері - жас ғалымдар, медиация, әлеуметтану, саяси қоғамдық ғылымдардың мүшелері, тәуелсіз сарапшылар. Сондай-ақ, білім және ғылым саласындағы ғалымдардан құралады. Клубтың негізгі мақсаты - аға буын мен жас ғалымдар арасындағы байланысты орнату. Жастар өз кезегінде, жаңа әдіснама ұсынса, аға буын тәжірибесі, еңбектерімен бөліседі.  

Клуб аясында жастар түрлі жоба ұсынды. Бұл жерде қоғамдық ғылымдар ғана емес, әртүрлі салалар да қамтылған. Мәселен, тарих, дін, заң саласы және тағы басқалары. Ұлт мәселесіне қатысты классикалық кітаптарының арасынан ең мықты деген 30 туындыны жинақтадық. Сонымен қатар ғылыми, тілдік, публицистикалық мәселелерді қарастыру, ұсыну, дұрыс жолын көрсету, белгілі бір мектеп қалыптастыру мақсатын көздеп отырмыз, - деді әлеуметтанушы.

Айта кету керек, спикерлер этносаралық қатынастардың өзекті мәселелерін зерттеу және жастар арасында құндылықтық бағдарларды қалыптастыруға бағытталған Жас ғалымдар клубының жобаларымен таныстырып өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға