Жаңалықтар

Жас ғалым қант диабетін анықтаудың ерекше тәсілін ойлап тапты

Жас ғалым қант диабетін анықтаудың ерекше тәсілін ойлап тапты
Фото: Назарбаев университеті 25.01.2024 10:02 1419

Инсулин сорғысы және тұрақты қан анализдері. Қант диабетімен ауыратындар осындай кедергілерге тап болады. Олардың өмірін жеңілдету, сондай-ақ қант диабетін диагностикалауды жеделдету үшін Назарбаев Университетінің National Laboratory Astana (NLA) аға ғылыми қызметкері Аманжол Тұрлыбекұлы қант диабетінің бар-жоғын тыныс алу арқылы анықтайтын газ сенсорын жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазірде диабеттің 1 типімен ауратын науқастардың саны елімізде артып бара жатыр. Оның ерекшелігі - ағзамызда инсулин гормоны өндірілмегені. Ал инсулин ағзаменен қанттың сіңіруіне тікелей әсер ететін гормон, оның тапшылығыәлде жоқтығы метаболизмнің өзгеруіне әкеліп соғады. Яғни дем де өзгереді, - дейді ғалым.

Оның айтуынша, ағзада майлардың ыдырауы кезінде ацетоацетат пайда болуы мүмкін. Бұл жағдайда аузынан ацетонның иісі шыға бастайды. Тыныс алудағы ацетон концентрациясын өлшеу арқылы қандағы глюкозаның деңгейін тікелей анықтауға болады. Бұл NLA-да әзірленген газ сенсорының жұмыс принципі.

Айтпақшы, газ сенсорлерінің бірнеше түрі бар. NLA Озық сенсорлар зертханасы хеморезистивті сенсорларды зерттеу және жасаумен айналысады.

Мақсатты газдың белгілі бір концентрациясына тосаған сәтте, газ материалдың бетіне адсорбцияланып оның электр өткізгіштігің өзгертеді. Сәйкесінше, материалдың кедергісін өлшей отыра газдың белгісіз концентрациясын (мөлшерін) анықтауға болады, - деп химорезистивті сенсорының жұмыс принципін түсіндірді Аманжол.

Жас ғалым қант диабетін анықтаудың ерекше тәсілін ойлап тапты

Ғалым жұмыс істеп жүрген NLA Озық сенсорлар зертханасы бір жыл бұрын ғана құрылған. Оның негізгі миссиясы - Қазақстан мен әлем ғылымына инновациялар енгізіп, сондай-ақ өнеркәсіптік серіктестермен мықты ынтымақтастық арқылы ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру. Қазіргі уақытта зертхана аймақтағы газға сезімтал құрылғыларды әзірлеуге және синтезден бастап олардың жұмысын тексеруге дейінгі кешенді зерттеулер жүргізуге қабілетті жалғыз мекеме болып табылады.

Қазір металл оксидтері негізіндегі сенсорлардың жұмыс істеу температурасы 200°С-ден жоғары (демек, сенсорды қыздыру қажетті). Ал, егерде сенсорымыз бөлме температурасында жұмыс жасай бастаса, оны смарт сағаттарға да қолдану мүмкіндігі ашылу еді. Елестеп көріңіз, сағаттың бетіне үрлеу арқылы сіздің глюкоза мен кетон денелерінің мөлшері анықталып жатса, ғажап емес пе?!, деп жалғастырады NU ғалымы.

Бүгін Аманжол сенсорлардың жұмысын оңтайландыру бойынша жұмыс істейді. Яғни, энергия тиімділігін арттыру, температура, ылғалдылық сияқты сыртқы жағдайларға төзімділігін арттыру сияқты мәселелерді шешуге тырысады. Жас ғалым болашақта термометрден басқа әр дәрігердің кеңсесінде оның құрылғысы да болады деп үміттенеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға