Дзюдо федерациясы

Жас дзюдошылар Еуропа кубогында 4 жүлдеге ие болды

5-6 шілде күндері Чехияның Прага қаласында дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогы өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Дүбірлі додада Қазақстан құрамасының спортшылар 4 қола медаль жеңіп алды. Атап айтқанда, Омар Нұрберген (-73 кг), Данил Крылов (-90 кг), Асқар Біржанов (-100 кг) пен Санжар Ерұланұлы (-100 кг) үшінші орынды қанағат тұтты. 

Айта кетсек, жарысқа барлығы 32 елден 427 жас дзюдошы қатысып, өзара мықтыны анықтады.