«Жарысқа бара жатқан»: Жантүршігерлік жол апатынан балалар қаза тапты
Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр
07.08.2024 15:44
2880
Ақтөбе облысында жол апатынан сегіз адам қаза тапты, оның бесеуі бала, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақтөбе облыстық ПД мәліметінше, Самара-Шымкент тасжолының 862-шақырымында (Хромтау ауданы) жүк көлігі мен шағын автобус соқтығысқан.
Апат салдарынан Toyota Ipsum автокөлігінің жүргізушісі және оның жеті жолаушысы апат болған жерде қаза болды, оның ішінде бес бала бар.
Алдын ала мәліметтер бойынша, балалар мен ата-аналар футболдан жарысқа басқа облысқа шыққан, - деді ЖПҚ басқармасының бастығы Айдос Құлжанов.
Автокөлік салонында балалар ата-аналарымен бірге болған, олар да қаза тапты.
Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бишімбаев ісі бойынша «100 млн теңге пара»: тергеу аяқталды
Келесі жаңалық
Қазақстан чемпионатындағы үздік боксшы атағы кімге бұйырды