Жаңалықтар

Жарылғыш бас синдромы деген не

Жарылғыш бас синдромы деген не
Фото: © El.kz 07.02.2024 17:00 3694

Жарылғыш бас синдромы – паразомния санатына жататын ұйқының бұзылуы. Яғни сергектік пен ұйқы арасында болатын өтпелі кезеңде адамның жарылыс, тарсыл, атыс сияқты қатты, қысқа дыбыстарды естуі. Бұл дыбыс жарқылдың пайда болуы, бұлшықеттің құрысуы, бастың іші жарылып жатқандай келеңсіздікпен бірге жүруі мүмкін. Синдром бірер секундтарға ғана ұласады.

Басқа да айқын симптомдардың қатарына:

-бұлшықеттің тырысуы;

-тершеңдік;

-жүректің жиі соғуы;

-қорқыныш пен үрей сезімін жатқызуға болады.

Синдромнан кейін ұйықтау қиынға соғады. Ұйқысы қанбаған адам ертеңіне энергиясы таусылып, әлсіздік басып, шаршаңқы күйде жүретіні белгілі.

Неге бұлай болады?

Дәрігерлер синдромның неге бұлай көрініс беретінін толық зерттеген жоқ. Тек бірнәрсе анық: симптом пайда болатын адамдарда мидың ақпаратты қабылдауында немесе жүйке жүйесінің патологиялық сигналында «ақауы» болуы мүмкін.  

Нақты себебі бар ма?

Мидың кейбір жұмысындағы бұзылыстан немесе генетиканың мутациясынан арылу оңай емес, тіпті мүмкін емес. Мұндай бұзылыстарға сенсорлық нейрондардың белсенділігінің жоғарылауы немесе ұйқыдан сергектікке көшкенде кейбір ақпараттарды дұрыс қабылдамауды жатқызуға болады. Ал қалған триггерлерге өзгеріс жасауға, яғни емдеуге мүмкіндік бар.

Бас ауруы (мигрень)

Жарылғыш бас синдромының бірден-бір себебі – бас сақинасы. Нақтысында оның өзі емес, ұстаманың алдындағы аура. Аураның дамуына не себеп екені әлі анықталмай отыр. Десе де, теорияның бірі ми тамырларының бірден қысылып, үлкейгенде қан айналымы бұзылатынымен түсіндіріледі. Ол кезде ақпаратты өңдеу адам үшін қиындық тудырады.

Құлақтың ауруы

Бұған евстахий түтігі жұмысының бұзылысын, құлақ іші құрылымындағы мембрананың жыртылуын, құлақ пердесінің зақымдануын жатқызуға болады. Бұл дыбысты өзгертіп қабылдау мен өңдеудегі қиындықтарға алып келеді. Сондықтан адам жарылыстарды, қатты дыбыстарды естуі мүмкін. Құлақ ауруын толық емдеген бойда синдром кетіп қалады.

Дәрілердің кері әсері

Кейбір препараттар, мысалы нейромедиатордың жұмысын жақсартуға берілетін серотонин немесе бензодиазепин жүйке талшықтары арқылы сигнол беріп, организмдегі көптеген функцияны реттейді. Бұл дәрілерді қабылдап жүріп, тоқтатып қойса нейромедиатордың жұмысы бұзылып, ақпаратты өңдеу қиын бола бастайды.

Стресс пен беймазалық

Қатты стресс жүйке талшықтарының белсенділігіне зақым келтіріп, дыбысты қабылдауға кедергі болады. Стресс түнгі ұйқыны бұзып, адамды әбігерге салатынн жақсы білетін боларсыз. Сигналдарға ауытқуы бар нейрондардың кесірінен басыңызда «жарылыс» жиі бола бастайды.

Жарылғыш бас синдромын емдеуге бола ма?

Синдром адам өміріне қауіп төндірмейді. Ол тек адам ағзасында проблема барынан хабар береді. Сол себепті, алдымен сол мәселені тауып алған дұрыс. Мысалы, құлағыңызды суықтатып алған соң, басыңыз жарылғандай сезініп жүрсеңіз, құлақты емдеңіз. Синдромның стандратты емі жоқ.

Егер синдром әлі де кетпей, мазалап жүрсе, дәрігер амитриптилин, кломипрамин, топирамат, дулоксетин және нифедипин сияқты препараттарды жазып беруі мүмкін.

Басқа емдеy шараларына мыналаp жатады:

- pелаксация және медитация,

- стpесстi азайтy,

- психoтеpапия,

- ұйқы pежимiндегi өзгеpiстеp.

Сонымен қатар, нейропсихиатрлар когнитивті мінез-құлық терапиясы синдромды емдеуге жақсы көмектеседі деген сенімде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға