Жаркенттегі жағдай: тәрбиешілер жұмыстан қуылып, мекеме уақытша жабылды
Мөлдір Қайнар тілші
Жетісу облысы, Жаркент қаласындағы балабақшалардың бірінде болған оқиға елді шошытты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тәрбиешілердің бір емес, бірнеше рет балаларды ұрып-соққаны бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Мұны көрген ата-аналар дереу полицияға арыз жазып, қылмыстық іс қозғалған.
Жергілікті әкімдік мекеменің он күнге жабылғанын хабарлады. Сондай-ақ тәрбиешілер мен балабақша меңгерушісінің жұмыстан босатылғанын айтты.
Балабақша меңгерушісі мен тәрбиешінің көмекшісі және негізгі тәрбиеші, үшеуі 15 мамырда жұмыстан босатылды. ҚР ҚК 140-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

