Жаркентте ит ер адамды талап өлтірді: полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
15.04.2023 13:20
Фото:
polisia.kz
Жетісу облысында полиция ер адамның өліміне иттің қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға Жаркент қаласында болған. Бүгін таңертең шаһардағы көшелердің бірінде 54 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылды. Полиция мәліметінше, ер адамды ит талап өлтірген болуы мүмкін.
Жақын маңдағы жер үйде күшіктеген питбуль тұқымды ит анықталып, оның денесінде қан тәрізді қоңыр дақтар болды. Итті уақытша ұйықтатып тастады. Ер адамның ажалы шынымен де ит қапқаннан кейін болған-болмағаны анықталып жатыр, - делінген мәліметте.
Оқиға орнында аудандық полицияның жедел-тергеу тобы жұмысын жалғастыруда. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

