Жаңалықтар

Жаркент гарнизонында әскери қызметші көз жұмды

Жаркент гарнизонында әскери қызметші көз жұмды
Фото: pexels.com 14.11.2024 15:28 1100

14 қарашада Жаркент гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінің офицері жоспардан тыс сабақтар өткізу кезінде алған жарақатынан қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Құрлық әскерлері қолбасшылығының баспасөз қызметі мәлім етті.

Ведомство мәліметі бойынша, қайғылы жағдай бүгін диверсияға қарсы қауіпсіздік бойынша жоспардан тыс сабақтар өткізу кезінде болған.

Қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан Жаркент гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінің офицері алған жарақатынан қайтыс болды.Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады, оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі, - деп мәлімдеді баспасөз қызметі өкілдері.

Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға