Жаңалықтар

Жәрдемақыны кім автоматты түрде алады

Жәрдемақыны кім автоматты түрде алады
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 10.04.2024 16:31 10224

Төтенше жағдай режимі жарияланған аудандар мен қалаларда тұратын мүгедектігі бар азаматтарға 2024 жылғы II тоқсанда қайта куәландыруға тиіс қызметтер төтенше жағдай режимі аяқталғанға дейін автоматты түрде ұзартылады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте ЕХӘҚМ ресми өкілі Мадияр Уақпаев айтты. .

Көмек көрсетуге алғаш рет өтініш білдіретін азаматтар Электрондық үкімет порталы арқылы жүгіне алады. Бұл ретте төтенше жағдай режимінің әрекет ету мерзімі аяқталған ай да толық есептеледі. Мемлекеттік жәрдемақыларды төлеу бұрын белгіленген мүгедектік тобы бойынша жүзеге асырылады, - деді ЕХӘҚМ ресми өкілі ОКҚ алаңында өткен брифингте. 

Ресми өкілдің айтуынша, мүгедектігі бар азаматтар бірінші кезектегі тәртіппен санаторийлік-курорттық емдеумен және техникалық құралдар болмаған немесе су басу кезінде зақымданған жағдайда қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар төтенше жағдай жарияланған аудандар мен қалалардағы субсидияланатын жұмыс орындарына орналасқан қазақстандықтардың жалақысы өзгеріссіз қалады. Жастарға жеңілдетілген микрокредит беру бағдарламасы бойынша қарыз алған, ал қазір су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға микрокредиттер бойынша төлемдер кейінге қалдырылады, сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың өзге де шаралары қаралады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға