Жарайсың, батыр ұл!

Фото: instagram.com/ildar_calisthenics
Фото: instagram.com/ildar_calisthenics
05.07.2023 20:57
1232
Әлем рекордын жаңартқан ақтаулық Ильдар Ягьяевке қазақстандықтар осылай алғыс айтып жатыр. Бұған дейін бірнеше рекорд жасаған отандасымыз бұл жолы Англия төрінде мамандарды мойындатты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ол салмағы 40 фунт немесе 20 келіге жауықтайтын 2 сақинаны беліне байлап, белтемірде 6 рет тартылғаны үшін рекорд кітабына кіріп отыр. Ильдардың осы ерлігі туралы жарияланған видео әлеуметтік желіде 50 мыңнан астам қаралым жинап, 4 700 лайк басылған. Ал пікір жазғандардың бәрі спортшыны ұлықтап жатыр. Біреулері «Жарайсың, батыр ұл» десе, өзгелері «машина» деп қысқа қайырған. Ильдардың рекордын жаңартуға ұмтылғандар да бар.
Алға, Ильдар!

Алдыңғы жаңалық
Абай облысындағы өртті жоюға қатысқандар марапатталды