Жаңалықтар

Жаратылыстану-математика бағытында 900 оқушы олимпиадаға қатыстады

Жаратылыстану-математика бағытында 900 оқушы олимпиадаға қатыстады
Фото: gov.kz 20.03.2023 14:10 1134

Ел бойынша 900-ден аса оқушы жаратылыстану-математика бағытындағы республикалық олимпиадада бақ сынайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарларды «Дарын» РҒПО мамандары.

Бұл -  математика, физика, химия, биология, география және информатика пәндері бойынша 9-11, (12) сынып оқушылары арасында өтетін дәстүрлі зияткерлік сайысы.
 
«1 компьютер – 1 оқушы – 1 камера» қағидаты бойынша өткізілген олимпиаданың мектептік кезеңіне 282 090 оқушы, аудандық кезеңіне 82 854, облыстық кезеңінде 15 651 оқушы қатысып, үздіктер іріктелді. Республикалық кезеңде Қазақстанның барлық өңірінен келген 900-ден аса оқушы өзара сынға түседі, оның ішінде 88-і олимпиадалық резерв мүшелері.

Айта кетейік, бес күнге созылатын интеллектуалдық дода классикалық форматта өткізіледі. Жеңімпаздарды анықтап, марапаттау рәсімі 25 наурызға жоспарланған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға