Жаңалықтар

Жарамсыз Ту мен Елтаңба қалай жойылады

Жарамсыз Ту мен Елтаңба қалай жойылады
Фото: El.kz 14.04.2023 15:30 2270

Мәдениет министрлігі ұлттық стандарттарға сай келмейтін Мемлекеттік Ту мен Елтаңбаны ауыстыру және жою ережесін бекітеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Ашық» НҚА порталында жарияланған бұйрық жобасына сәйкес мына ережелер сақталуы тиіс:

- Конституциялық заңға сәйкес, Ту мен  Елтаңбаны міндетті түрде орналастырылатын (орнатылатын, көтерілетін) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тұрақты комиссиялары жүзеге асырады.

- ҚР Мемлекеттік Туын, ҚР Мемлекеттік Елтаңбасына қойылатын нысандардың, мөлшердің және техникалық талаптардың бұзылуы ұлттық стандарттарға сәйкес келмеу болып саналады.

- Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін ҚР Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру 1 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

- ҚР Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын жою оларды қайта қолдану мүмкіндігін болдырмау мақсатында өртеу, балқыту, 2,5 шаршы сантиметрден аспайтын мөлшерде бөлшектеу, ұсақтау, қалыпсыз массаға немесе ұнтақ күйге айналдыру жолымен жүргізіледі.

Айта кетейік, жобас 27 сәуірге дейін көпшілік талқылауына ұсынылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға