Жаңалықтар

Жарқынбектің Алтайға саяхаты

Жайлаудағы жазғы демалыс (Естеліктер)
28.10.2016 06:35 7532

Туған жердің тәбиғаты-ай, шіркін! Алтайдай алып тауда туып, Арқаның ақпа жазығында өмір сүрген азап па дерсің кейде. Бөтенге жорып білместік қылмаңыздар, туған топырақтың тылсымы бөлек қой қашан да...

Жарқынбектің Алтайға саяхаты

«Сәлем саған Алтайым,

Тентегің сонша сағынды.

Жоғалып кеткен бір тайың,

Тарландап барып табылды» - деген екен Мағаз Разданұлы өз кезінде. Атажұртқа ат басын бұрғалы бері он жылдан кейін туған жер топырағына табаным тиді. Бұл тастарда Ұлы Түркінің тарихы қалған, Тұғұрыл ханың тебіңгісімен таптап өткен, өз кезінде Ұлы Дала ұрпақтарының ата қонысы болған, ал қазір Қытайдың қармағына өткен Өр Алтай еді. «Қайырлы болсын, бізден бір қалған есіл жұрт».

Жарқынбектің Алтайға саяхаты

ҚХР ШинЖаң өлкесі Алтай аймағы Көктоғай ауданы, талай жақсылардың мекені. Ол жайында сабыр сақтасаңыздар сәл кейін ораламыз. Астанадан артынып-тартынып шыққан мен, ерулемей ертесі күн көкжиектен көтеріле көк жайлаудағы ауылға ат басын тіредім.

Жарқынбектің Алтайға саяхаты

«Абай жолы» романындағы шәкіріт Абайдың оқудан қайтып аулынна келген кезін елестетіңізші!? Мұхтар Әуезов қалай суреттеген еді... Бұл жерде өзімді Абайға теңеуден аулақпын, мен тек «алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жасар кария амандаса келеді» деген қазақы қасиет әлі күнге дейін менің аулымда сақталғанын айтқым келеді.

Жарқынбектің Алтайға саяхаты

Ортадағы үлкен үйлердің біріне сәлем бере кіріп жайғасқан соң, шай қайнатым уақыт өте бере ауылдың ақсақалдары жинала бастады.

Жарқынбектің Алтайға саяхаты

Амандық-саулықтан соң сөз кезегі маған қарай ойысқан сәтте алыста жатқан ағайынды Атамекен жайлы әдемі әңгімелермен айызын бір қандырып,сары самаурынның шәйін шаршатып барып тындық. Көк жайлаудағы алғашқы күннің сәулесін осылай батырдық. Кеш кірді. Түніті будақтап түнге дайындалған ауылдың кеші қараңғылана берді.

Жарқынбектің Алтайға саяхаты

Балалықтың бал дәмін бірге татқан әркімнің бала досы болады. Қызға бүктеп хат беретін қағаз дәурінде жеке меншік «почтальон» болған жан досым. Бүлдіршін бойжеткендерге арнаған тәтті сөздерімнің арқасында талай қыздың тәтесінің тілі тиген тентек осы.

Жарқынбектің Алтайға саяхаты

«Кейін келіншегің болам» деп уәде еткен бойжеткендердің біразы бұл күнде тұрмыс құрып, уәдесінде тұра алмады, біз де жыраққа кеттік.

Өткен-кеткенді айтып ауылдан оңаша отырмыз, көңілді шақтарды ойға оралтып, ескі естеліктерді ақтарып, бір күліп алдық. Қызықтың бәрі келер күн еншісінде...


Жарқынбек Жұмаділ

Жалғасы бар

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға