Жаңалықтар

Жақындарының сөзінен қорқып нашақорлар тәуелділігі туралы айтпайды – Анжела Бексұлтанова

Жақындарының сөзінен қорқып нашақорлар тәуелділігі туралы айтпайды – Анжела Бексұлтанова
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/LeonardoAI 20.02.2024 12:55 697

Жақындарының сөзінен қорқып нашақорлар тәуелділігі туралы айтпайды. Егер, науқасқа дер кезінде көмектессе, қайғылы жағдайдың алдын-алуға болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен дөңгелек үстел барысында ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті басқармасының бастығы Бексұлтанова Анжела айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Одан бөлек, Анжела Бексұлтанова елімізде 18 мыңнан астам адам есірткіге тәуелді ретінде тіркеуде тұрғанын мәлімдеді.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап, күні бүгінге дейінгі аралықтағы статистика бойынша, бүгін  Қазақстанда 18 329 адам есірткіге тәуелді ретінде тіркеуде тұр. Оның, 91%-ы ер адам болса, қалған 9%-ы әйелдер. Бірақ, өкініше қарай ресми статистика елдегі есірткіге тәуелділердің нақты санын көрсетпейді. Себебі, олардың нақты санын анықтау қиын процесс, - деді А.Бексұлтанова.

Айта кетейік, 2023 жылы тәулік бойы жұмыс істейтін стационар жағдайында есірткіге тәуелді 3534 науқас емделген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға