Жаңалықтар

“Жақында ораламын”. Анасын іздеген Мұрат мұратына жетті ме?

“Жақында ораламын”. Анасын іздеген Мұрат мұратына жетті ме?
Фото: instagram/muratsaveliev 31.12.2023 11:00 20587

Испаниядан Қазақстанға анасын іздеп келген Мұрат Севальев көп мәліметті аша алмайтынын айтып, жазба жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құрметті қазақстандықтар! Өздеріңіздей қонақжай, мейірімді халықпен танысуға мүмкіндік бергендеріңіз үшін және қолдау танытқандарыңыз үшін мың алғыс! Мен Қазақстанның әр ұлына, қызына, анасына, әкесіне тәнтімін және ризамын!

Ол визасының уақыты аяқталып, туған жерден кетуі керек екенін атап өтті.

Бірақ мен жақында ораламын. Мен туған анамды іздеу жұмысын тоқтатпаймын. Кеше Қазақ радиосының «Бармысың, бауырым?» хабарының редакциясына менің атымнан сот отырысына қатысуға, маған қатысты кез келген мәліметке қол жеткізуге, менің атымнан арыз, өтініш, шағым жазуға заң бойынша толық рұқсат бердім.

Қазақстанға келгелі қаншалықты эмоционалды күйде болғанымды көрдіңіздер, мен үшін тым ауыр күндер болды.

Нәтижесінде мен өзіме біраз уақыт бөлуді жөн көрдім, сондықтан Испанияға бірден қайтпаймын, бірер күн Тайландта боламын. Ойымды жинақтап, демалып алғым келеді. Әзірге көп мәліметті аша алмаймын, бірақ бұл оқиға мен күткеннен де қиын сияқты...Қазақ радиосының «Бармысың, бауырым?» хабары арқылы 2002 жылғы қаңтарда Арқалық қаласының перзентханасына ұлын тастап, қолхат жазып кеткен, архивтік ресми құжаттар негізінде менің туған анам болып саналатын әйел табылды. Ол әйелге қазір редакция екінші рет ДНҚ сараптамасын жасап жатыр. @kymbatdoszhan & @asel_asqarqyzy сіздер іздей беріңіздер! Алда көп жаңалық болады деп сенемін, - деп жазды Мұрат.

Қазақстанға, туған еліне рахмет айтты. 

Ең бастысы, мен бұл сапарымда туған жерімді таптым, туған еліммен қауыштым, әр қазаққа бала, бауыр екенімді түсіндім. Бәріңізді жақсы көремін. Амандықта жүздесейік!, - деп жазды ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға