instagram.com/zhanar_dugalova

Жақында келін атанған Жанар Дұғалова тойдан кейін ел алдына шықты

04.04.2023 12:41

Жақында тұрмысқа шыққан Жанар Дұғалова жаңа суретімен көпшілікті сүйсінтті. Әнші Instagram желісінде жаңа суретін бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Дұғалова желідегі оқырмандарын қасиетті Рамазан айымен құттықтады. Ал желі қолданушылары әншінің жаңа өмірге аяқ басуымен құттықтап, ақ тілегін арнады.

"Бақытты бол", "Қосағыңмен қоса ағар", "Ерекше әдемісіз", "Бақыт тілеймін", - деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Жанар Дұғалованың ұзату тойы өткен болатын.  Қазақы салт-дәстүрмен ұзатылған әншіні той соңында Мадина Сәдуақасова күйеу жігіттің қолына тапсырды. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Zhanar Dugalova Жанар Дугалова (@zhanar_dugalova)