Жақтауда темекі шегіп отырған: Қостанай облысында оқушы қыз терезеден құлап кетті
08.08.2023 13:48
Фото:
©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Жітіқарда 16 жастағы қыз терезе жақтауында темекі шегіп отырып, бесінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 5 шілде күні сағат 02:40-та кезекші қызметіне Жітіқара қаласындағы №9 орта мектепке қарама-қарсы орналасқан қараусыз қалған амбулатория ғимаратының бесінші қабатының терезесінен қыздың құлап кеткені туралы хабарлама келген. Анықталғандай, ол 2007 жылы туған жасөспірім болып шықты.
Оқи отырыңыз:
- Павлодарда ұрлықшы үйді тонап, балаға зорлық көрсеткен
- Берік Әбдіғали Жезқазғанның экологиясы нашар екенін дәлелдеу үшін 400 млн жұмсамақ
Бойжеткен терезенің алдында темекі шегіп отырып, шылымның әсерінен басы айналып, терезеден құлап кеткен, – деп хабарлады обылстық ТЖД.
16 жасар қыз бел омыртқасының және қабырғасының сынуы диагнозымен ауруханаға шұғыл жеткізілді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

