«Жақсылықтарыңды ешқашан ұмытпаймыз»
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
13.10.2023 19:20
1030
Қазақстанда туып, 28 жыл бұрын Германияға көшкен этникалық немістің ауылдастарымен кездесуі қазнетте қызу талқыланып жатыр.
Ширек ғасырдан аса уақыт өткенде туған ауылына келген Александрдың Брод таза қазақша айтқан сөзі көпті тебірентті десе де болады.
Әуежайда сән-салтанатпен күтіп алғанын да толғаныспен жеткізді.
Таралып жатқан видеоның астына пікір жазушылардың дені шетелде жүрсе де қазақ тілін ұмытпағанына ризашылығын айтып жатыр. «Жақсылықтарыңды ұмытпаймын» деген сөзі де көпті бей-жай қалдырмады. Қазнет жұлдызы Александр Андрейұлы сөз соңында ауылдастарын Германияға қонаққа шақырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Асқар Забикулинге арналған мурал пайда болды
Келесі жаңалық
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды